Ғашықтық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қос ғашық.jpg
Табиғат аясында отырған қос ғашық

Ғашықтық– адамдардың бір-біріне сезім, рух жақындығын, ерекше сүйіспеншілігін білдіретін ұғым. Ол құмарлықтан өзге жол. Ғашықтықтың таза рухани сипаты бар, ол жаратылыстың ішкі мазмұны. Ғашықтық – адамның рухани қуатының өлшемі әрі көрінісі.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Ғашықтық — адамдардың бір-біріне кіршіксіз сезім мен қалтқысыз сенімге негізделген махаббатының ең жоғарғы түрі. Ер мен әйел арасындағы нәпсілік құмарлық ғашықтыққа жатпайды. Ғашықтықтың тылсымдық сипаты бар. Ғашықтық— адам жаратылысының ішкі мазмұны, нағыз таза рухани тіршіліктің көрінісі. Оны махаббаттың синонимі деп қарауға болмайды. Ғашықтық ұғымының махаббатпен байланысын жеңіл-желпі түсінетіндер, оны орынсыз қолданатындар өмірде кездесіп отырады. Мұндай жағдайда олар ұлы Абайдың "ғашықтық пен құмарлық ол екі жол" деген аталы сөзін есте ұстаулары тиіс.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Islam-stub