Ғафуржан Сабыржанұлы Сүйімбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Ғафуржан Сабыржанұлы Сүйімбаев (19 тамыз 1990, Шымкент, Қазақстан) — қазақ футболшысы, "Ақсу" клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы.

Карьерасы

"Ордабасы" футбол клубының түлегі. 2013 жылы жазда "Ертіске" жалға берілді де, УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің екінші раундында босниялық "Широки Бриег" клубының қақпасына гол соқты. Сол жылы желтоқсанда туған клубына қайта оралды. Қайта оралғасын бұрынғыдай емес, негізгі құрамда жиі алаңға шыға бастады. Бұл белсенділігі өзге клубтардың назарын аудартты да, "Қайрат" командасы Ғафуржанды сатып алды.

2022 жылдың басында "Ақсуға" ауысты.

Ұлттық құрама сапында алғаш рет 2014 жылы 7 маусымда Мажарстан құрамасына қарсы алаңға шықты. Алғашқы голды 2016 жылы сырт алаңда Данияның қақпасына соқты. Бұл гол ӘЧ-2018 іріктеуіндегі үздік бес голдың тізіміне енді.

Жетістіктері

«Ордабасы»

  • Қазақстан чемпионатындағы үздік 22 футболшының бірі: 2015

«Қайрат»

  • Қазақстанның күміс жүлдегері: 2016, 2017, 2018, 2019
  • Қазақстан чемпионы: 2020
  • Қазақстан кубогы: 2017, 2021
  • Қазақстан суперкубогы: 2017

Сілтемелер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер