Ғасырлар бойы квиддич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Инфобокс{{#if: ||}} Ғасырлар бойы квиддич (Үлгі:Lang-en) — Гарри Поттер әлеміне қатысты жазылған Джоан Кетлин Роулинг жазған кітап ішіндегі кітап. Шынайы кітап Хогвартстың кітапханасындағы ойдан шағарылған кітаптың көшірмесі болып табылады.

Ойдан шығарылған кітап

Гарри Поттер романдарында бұл кітаптың авторы Кеннилуорти Уисп болып табылады, квиддич бойынша атақты сарапшы.

Гарри Поттер бұл кітапты сүйіп оқиды. Гарри Поттер және Пәлсапа Тасы романында Северус Снейп Хагридті осы кітаппен көріп қалғанда, кітапхана кітаптарын Хогвартстан алып шығауға тыйым салатын ереженің бар екендігін айтады.

Шынайы кітап

2001 жылы Джоан Кэтлин Роулинг жазған, дегенмен сыртында Кеннилуорти Уисп есімі көрсетілген. Автордың безендырулері енгізілген. Тираждың сатылымынан түскен кіріс Comic Relief қайырымдылық қорына аударылған.

Кітапта квиддич тарихы суреттеледі, сыпырғыларға негізделген ертедегі ойындар да айтылады. Ұшу сыпырғыларының эволюциясы, квиддичтің сиқырлы спорт түрінде пайда болуы және дамуы, тарих бойы ережелердің түрленуі, алтын снитчтің пайда болу тарихы қарастырылған. Квиддичтегі ойынның негізгі ережелері, бұзылымдар мен жазалар, ағылшын және ирланд командалары, жарысу сыпырғыларының негізгі үлгілері, сонымен қатар ойынның тактикалық амалдары суреттелген.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер