Ғарыштық Қару

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғарыштық Қару– әскери-стратегиялық қару. Оған ядр. қаруларды нысанаға жеткізетін, ғарыштық ұшу аппараттарын жоятын, ғарыштық барлау және байланыс жүргізуді басқаратын және радиоға қарсы әрекет жасайтын ғарышкермен немесе ғарышкерсіз ұшырылған ғарыштық аппараттар жатады.Бұл аппараттар жерден кем дегенде 100 км-лік биіктіктегі ғарыш кеңістігіне жіберіледі.Ғарыштық Қару әскери-ғарыштық қару, ғарыштық барлау қаруы, радионавигациялық қару, ғарыштық шабуыл қаруы, ғарыштық қорғаныс қаруы, тексеруші қару, т.б. болып бөлінеді. Соғыс жағдайында Ғарыштық Қарудың көмегімен негізгі стратег, мақсаттарды жедел және ауқымды түрде орындауға болады (басқа ел территориясын барлау, орбитадағы спутниктерді ұстап қалу немесе жойып жіберу, т.с.с). Бұған қоса бұл қарудың техникалық мүмкіндіктері басқалармен салыстырғанда анағұрлым артық. Мысалы, АҚШ-тың навигациялық «Транзит» деп аталатын ғарыштық жүйесі арқылы су астындағы кемелер өздерінің мұхиттың қай жерінде келе жатқанын анықтай алады.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғарыштық Қару|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}