Ғарыштық желі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғарыштық желі (Үлгі:Lang-ru, ғарыштық ішек) — уақыт кеңістігінің алып қатпары іспеттес, болжамды реликтілі астрономиялық нысан. Кей жағдайда желілер конус типтес уақыт кеңістігінің бірқалыпты типологиялық дефектілерімен сипатталады.

Сурет:Ғарыштық желі.jpeg
CSL-1 қосарлы галактикасы. VLT бақылауындағы (нысанның құрамдас бөліктерінің екеуінің ортасымен өткендегі) спектограф саңылауларының позициялануы көрсетілген. Кескін М. Сажиннің мақаласынан алынған.

Теориялық зерттелуінің алғышарттары

Ғарыштық желілер желілер теориясының нәтижесі болып табыла алады.<ref name="Elements">Открытие космической струны получило первое подтверждение?</ref>

«Ғарыштық желілердің» болу мүмкіндігі жайлы алғаш болжамдар 1976 жылы британ физигі Томас Киббл тарапынан айтылып, ал осы теорияның ары қарайғы дамуына 1981 жылы ұсыныс білдірген кеңес астрофизигі Яков Зельдович болды.<ref name="Astronet">Астрономы открыли космическую струну?</ref>

Ғарыштық желілердің диаметрі атом ядроларының көлемінен әлдеқайда азырақ (шамамен 10−29 сантиметрдей), ұзындығы— кемінде оңдаған парсектей, ал салыстырмалы массасы — шамамен сантиметрге шаққанда 1022 грамдай, яғни желілердің мыңдаған километрі Жер массасына парапар, бұл желілердің тығыздығы өте жоғары демек.<ref name="Elements"/>

Теорияға сәйкес ғарыштық желілер Үлкен жарылыстан кейін түзілді және алдын-ала тұйықталған немесе шексіз болған. Желілер жиырыла алады, бірін-бірі баса алады және жыртыла алады. Желілердің үзілген шеттері тұйықталған бөлшектер түзіп, қайта жалғаса алу мүмкіндігіне ие. Желілердің өздері де, олардың бөлшектері де Ғаламда жарық жылдамдығымен ұшады. Олар бүкіл Ғаламды алып, Ғаламның бір жиегінен екінші жиегіне қарай жалғасқан.

Байқалуы

Ғарыштық желіні көру, әрине мүмкін емес, себебі ол кез-келген массалық нысан сияқты «гравитациялық линзаны» түзеді: оның артқы жағындағы қайнарлардың жарығы оны айналып өту керек.

2003—2005 жж. бірнеше баспасөз беттерінде жарияланып, 6-7 миллиард жарық жылы қашықтығында орналасқан CSL-1 галактикасының кескіндеріне сәйкес, ғарыштық желілер құбылысы ашылды деген ұйғарымдар келтірілді.<ref name="Astronet"/><ref>M. Sazhin e. a. MNRAS 343 (2003) 35 Үлгі:ArXiv</ref><ref name="Gazeta.Ru">Астрономы порвали космическую струну 24/01/06</ref> Алайда, кейінгі зерттеулерде<ref name="Gazeta.Ru"/><ref>M. Sazhin e. a. MNRAS 376 (2007) 1731 Үлгі:ArXiv</ref> CSL-1 айналасындағы ғарыш желісінің табылуы теріске шығарылды. Дегенмен, мәселе ғарыштың алуан бір нысанының түрін ашумен емес, ғарыштық желіні байқау төңірегінде шоғырланды деген мүмкіндік қалды.<ref>S. V. Krasnikov Gravitation and Cosmology 15 (2009) 62 Үлгі:ArXiv</ref>

2010 жылдың қазанына қарай ғарыштық желілердің болу мүмкіндігін, квазарларды байқауға негізделген зерттеулерлердің нәтижесінде алынған хабарламалар жанама түрде айғақтандыра түсті<ref>Cracks in the Universe: Physicists are searching for the fingerprints of cosmic strings</ref>.

Әдебиетте кездесуі

Ғарыштық желілердің ғылыми фантастикалық шығармаларда сюжеттің құрылымдаушы элементі ретінде кездесуі мысалдары байқалады. Бұл мысалдар ирландиялық фантаст-жазушы Иен Макдональдтың «Кольцо Вертанди» және ресейлік фантаст В. В. Головачёвтың шығармаларында кездеседі.

Ішкі сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер