Ғарыштық биология және медицина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғарыштық биология және медицина - тірі организмдердің, сонымен қатар адамның, ғарыштағы ұшу уақытындағы организмінің жұмыс істеу процессін зерттейтін ғылым.

Тарихы

Ғылымның бұл түрі адамның ашық ғарыштағы ұшу кезіндегі өмірінің және денсаулығының қалпында сақтауға және жаңа әдістерді тиімді пайдалануға негізделген.Ғарыштық биология мен медицина космонавтика, астрономия, астрофизика, геофизика, биология, авиациондық медицина салаларымен тығыз байланысты. Ең алғашқы зеріттеулер 1949 жылы ракеталар ұшу кезіндегі биопроцесстерді зерттеуге мүмкіншілік берді. 1957 жылы ашық космосқа Лайка есімді ит жіберілді, 1961 жылы адам жіберілді. Ұшу процессінде барлық жайттар ескеріліп отырылды: ракетадағы бастапқы секундтар, ғарыштағы орбитальді ұшу, қайту мен жерге қону процесстері. Ең көп көңіл аспандағы салмақсыздық пен ғарыштық сәулелену процессіне аударылды. Мұндай биологиялық эксперименттер (екінші және кайтымды қайық ракеталарда) психологиялық, гигиеналық, физиологиялық және т.б зерттеулер арқасында казіргі таңда адамзат ашық космосқа шыға алатын дәрежеге жетіп отыр. Сонымен қатар осы тәжірбиелер арқасында адам организмінде болатын өзгерістерді қадағалай алатын жағдайға жеттік. Бұл өзгерістер арқылы енді жануарлар мен өсімдіктерде тәжірбие қоюға жол ашты.

Жалпы түсінік

Ғарыштық биология мен медицинаның дамуы жалпы космонавтиканың дамуына үлкен үлесін қасты. ҒАрыштық биология мен медицинаның даму жолында дәрігерлердің ракетамен ұшу процессі де әсерін тигізді. Олар көптеген тәжірбиелер жүргізе отырып ғарышкерлердің физикалық жағдайын қадағалап отырды. Сонымен қатар оладың денсаулықтарында ақау байқаған жағдайда медициналық көмек көрсетіп отыратын. Бұл өте маңызды процесстердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда көптеген дәрігерлер мен биологтарды осы салаға жұмыс істеуге шақырылып жатыр, олар ғарыштық биологияда жаңа инновация енгізеді деген үміт бар. Ғарышта болу кезінде тірі организмде көптеген өзгерістер байқалуда. Соның ішінде адам организміндегі динамикалық өзгерістер: үдеу, салмақсыздық, шу, тербеліс. Герметикалық жағдайларда болуы: өзгертілген газды аймақ, гипокинезия, жүйкелік-эмоционалды шаршау, т. б.

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғарыштық биология және медицина|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} Үлгі:Cleanup