Ғаппар Қасенұлы Ерғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғаппар Қасенұлы Ерғалиев (17 қазан 1932 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1990), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

ҚазМУ-ды (1956, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында аға лаборант (1956–58), кіші (1958–68), аға (1968–78) ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1978–91) қызметтерін атқарған; ал 1996 жылдан осы институтта лаборатория меңгерушісі.

1989 ж. «Кембрии Южного Казахстана и Улытау (стратиграфия, ярусное и зональное расчленение, трилобиты» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның венд, кембрий және төменгі ордовик кезеңдерінің стратиграфиясы мен палеонтологиясын зерттеуге, оның ішінде Қаратау мен Оңтүстік Ұлытаудың кембрийордовик қабаттарының биостратиграфиясы мен трилобиттерін кешенді зерттеуге арналған. Ерғалиев 120-ға тарта ғылыми-зерттеу жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның («Трилобиты среднего и верхнего кембрия Малого Каратау», 1980) авторы.

Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1982).<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}