Ғани Әлімұлы Қалиев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қалиев Ғани Әлімұлы (19 шілде 1938 жылы туған, Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1981), профессор (1986), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1994).
- Қырғыз мемлекеттік университетін (1962) бітірген.
- 1963 – 64 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы,
- 1968 – 84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988 – 96)
- 1984 – 88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры
- 1991 – 96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.
- 1999 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан социал-демократия «Ауыл» партиясының төрағасы. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.
Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары агро теория және саясат мәселелеріне арналған. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Қазақ қой шаруашылық технология ғылыми-зерттеу институтында малдың жаңа тұқымдарын, типтері мен линияларын алудың әдістері жетілдіріліп, шаруашылықтарда сұрыптау және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарын жақсарту мәселелері терең зерттелді.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}