Ғани Әбдуәлиұлы Құлжанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Ғани Әбдуәлиұлы Құлжанов (1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған) — танымал кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1998).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Толығырақ

Шығармашылығы

  • 1990 - 2007 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Ең алғаш М. Мақатаевтың «Қош, махаббат!» қойылымындағы Айбар ролін сомдаған. Сонымен қатар, У. Шекспирдің «Асауға тұсауында» Гортензио, Ж. Аймауытовың «Ақбілегінде» Мұсабай, Ә. Кекілбаевың «Абылайханында» Әбілмансұр, Г.Гауптманның, «Ымырттағы махаббат» спектаклінде Э. Кламрот, Ысқақов пен Шахимарденнің «Қазақтарындағы» Қасымхан, Д. Исабековтың «Әпкесінде» Омар, Қ. Аширдың «Қабыл адам Ата перзенті» спектаклінде Абыл бейнелерін сомдады.
  • Ғани Құлжанов «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Өзбекфильм» киностудияларында киноға түсіп, көптеген бейне сомдады. «Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке» фильмдеріндегі Жохангир, Диас рөльдері көпшілік қауымның көңілінен шықты.
  • Гастрольдік сапармен Иран, Өзбекстан, Ресей елдерінде және Қазақстанның барлық облыстарында болып, өнер көрсеткен.
  • Ғани Құлжанов «Азия дауысы» , «Жас қанат», «Жұлдыздар құттықтайды» т.б.үлкен байқаулар мен мерекелік іс-шаралардың тұрақты жүргізушісі.

Фильмографиясы

  • 1995-2000 – «Тоғысқан тағдырлар» - Жаһангер/Ғани Ахметов
  • 2001-2003 – «Қара шегіртке» - Диас
  • 2002 – «Ләйләның зары» - эпизод
  • 2005 – «Күндізгі шолғыншы» - Темірланның әскері
  • 2010 – «Жаным» - Нұрлан Әбенов
  • 2012 – «Жас Ұлан» - эпизод
  • 2013 – «Оралу» - эпизод
  • 2013 – «Ұшқыштар» - эпизод
  • 2014 – «Махаббатым жүрегімде» - эпизод
  • 2015 – «Аманат» - профессор Сүлейменов
  • 2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Самат
  • 2018 – «Алтыншы пост» - эпизод

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер