Ғани бай үйі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғани Бай Үйі - Қызылорда облысы, Қазалы қаласындағы 19 ғ-дан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Алғашында "П" әрпі тәріздес пішінінде салынған, кейінірек жаңадан қосылған құрылыстарға байланысты өзгеріске ұшырады. Күйдірілген кірпіштен өрілген, ауданы 53x80 м, биікт. 10 м. Шатыры қанылтырмен жабылған, сырты өрнекті кірпіштермен қаланып, оймышталған ағашпен безендірілген. Іші сыланып, ақталған. Келушілерге арналған тұрғын және сауда жасайтын бөлмелері, қоймалары бар. 1982 ж. республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізіледі.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}<

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}