Ғани Бектайұлы Бейсембаев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ғани Бектайұлы Бейсембаев (3 маусым 1969 жыл, Қызылорда облысы) — қазақстандық қоғам және мемлекет қайраткері, педагог, 2023–2025 жылдары Оқу-ағарту министрі.<ref name="zakonkz">Үлгі:Cite web</ref> Оған қоса Бейсембаев — Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясының президенті, психология ғылымдарының PhD.<ref name="ministry" />
Өмірбаяны
Ғани Бейсембаев 1969 жылғы 3 маусымда<ref name="zakonkz" /> Қызылорда облысында<ref name="premyer" /> дүниеге келген. Бала кезінде домбыра ойнап аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысатын және сол себеппен әнші, музыкант мансабын таңдау жайлы ойлайтынын айтып кеткен және мектеп кезінде пионер болған. Пионерлігі кезінде педагогика мансабын таңдаған.<ref name="vasserman">Үлгі:YouTube</ref>
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі» мамандығына оқуын алды.<ref name="zakonkz" />
Білім беру ісінде
Өз еңбек жолын Бейсембаев 1986–1989 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі болып бастады.
1989-1995 жылдары Алматы облысы Талғар ауданының №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, «Жас талап» үйірмесінің жетекшісі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеген.<ref name="zakonkz" />
1995-1997 жылдары Алматы облысы Іле ауданының №12 орта мектебінің директоры лауазымын атқарған.<ref name="premyer" />
1997-2000 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының бас ғалым хатшысы болған.<ref name="ministry" />
2000 жылы Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарған.
2001-2006 жылдары «Халықаралық қосымша білім беру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс істеген.
2006–2007 жылдары Алматы технологиялық университеті жанындағы техникалық-экономикалық колледжінің директоры.
2006-2020 жылдары «EDTECN» Халықаралық білім беру орталығының бас директоры лауазымын атқарған.
2020 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалған.
2020-2022 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті лауазымын атқарған.<ref name="zakonkz" />
2022 жылғы наурыздан тамызға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.
2022 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі.
2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі. 2025 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Президентінің Жарлығымен лауазымынан босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары
- Ерен еңбегі үшін медалі;<ref name="ministry">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
- Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі;
- «Ы. Алтынсарин» белгісі;
- Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін (Қазақстан кәсіподақтар федерациясы)<ref name="zakonkz" />
Көзқарасы және бастамалары
- Біртұтас тәрбие бағдарламасы
- Оқу жылын маусым айына дейін ұзартуға қатысты елдегі мектеп инфрақұрылымын бірыңғай сапалы деңгейге көтергеннен кейін қарастыруға болатындығын айтты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Алматы облысының мектеп оқушысы өз сыныптасын шампур сұғып өлтіріп алады. Жергілікті атқарушы орган мектеп директоры мен сынып жетекшілері жұмыстан босатылады. Министр бұл шешімді болдырмайды, педагогтерді жұмыс орындарында қалдырады. Министрдің пікірінше сабақтан тыс шаралардың ұйымдастырылуына ата-аналар жауапты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2026 жылы жаңа оқу стандарты енгізіледі. Осы стандар аясында 4 оқулық толықтай өзгереді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Олжас Бектеновтің министрлер кабинеті Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті