Ғалым Көпесбайұлы Сүлейманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Ғалым Көпесбайұлы Сүлейманов 1949 жылы 10 қыркүйекте Талдықорған облысы Бөрілітөбе ауданының М. Төлебаев атындағы кеңшарында туған. Қазақ.

Әкесі - Сүлейманов Көпесбай, зейнеткер. Анасы - Сүлейманова Елеусіз.

Республикалық эстрада өнері студиясын (1973) әртіс- вокалшы мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал-хор факультетін (1979) опералық, концерттік-камералық әнші, оқытушы мамандығы бойынша бітірген. Доцент (1995 жылдан). 8 мақаланың авторы.

Қазақ, орыс және итальян (сөздікпен) тілдерін біледі. 1967 жылдан - Талдықорған облысының Матай станса 30-шы жол дистансасының маусымдық жүмысшысы, тепловоз жөндеуші жұмысшысы, тепловоз машинисінің көмекшісі. 1968 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1971 жылдың ақпан айынан - Матай стансасында тепловоз машинисінің көмекшісі. 1971 жылдың шілде айынан - Республикалық эстрада өнері студиясының студенті. 1972 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының студенті. 1977 жылдан - Алматы қаласының музыкалық радио бас редакциясында редактор. 1979 жылдан - I. Жансүгіров атындағы Педагогикалық институттың хорға дирижерлік ету кафедрасының ассистенті (Талдықорған қ.). 1981 жылдан -Жеті - су мемлекеттік университетінің «Музыкалық тәрбие әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы. 1979-2005 жылдары - Жетісу мемлекеттік университетінің доценті. 1987-1991 жылдары - Талдықорған облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі - директоры.

2005 жылдан бері -Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның Байқадамов атындағы хор капелласының әртісі. Қазақстан Авторлық қоғамының мүшесі. М. Төлебаев атындағы Талдықорған облыстық филармониясының халық аспаптар оркестрін құрушы (1990).

ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1990). ҚР Халық ағарту ісінің үздігі (2000). «Бастай бер, бізді Нұр-Ата» әні «Жаңа ғасырға - жаңа ән» республикалық конкурсының дипломанты болды.

Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия. Үйленген. Жұбайы - Сүлейманова Б.А. (1952 ж. т.), Талдықорған қаласы №3 балабақшасының меңгерушісі. 2 ұлы мен қызы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub