Ғалым Байбатыров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғалым Байбатыров<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> 1949 жылы 12 қаңтар да Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында туған. 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Дайыр ауылындағы орта мектепті, 1976 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

Жұмыс баспалдағы

19681970 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет еткен. 19711976 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан аудандық «Достық» газетінде әдеби қызметкер, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, 19762001 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде жауапты хатшы болып қызмет атқарған. 2007 жылдан бастап «КТВ-5» телеарнасында редактор болып қызмет атқаруда.

Шығармалары

Өлеңдері 1966 жылдан бастап баспасөзде жарияланған. 1982 жылы «Жазушы» баспасынан «Сәуір самалы», 1999 жылы «әл-Фараби» баспасынан «Үміттің оты сөнбейді», 2000 жылы «Шығыс» баспасынан (Өскемен қаласы) «Арман дүние» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. «Шежірелі Шығыс өңірі» (2006), «О дүниенің табалдырығы»(2007), «Жүрегімнің жанары» (2008) атты кітаптардың авторы. «Өңім бе, ойбай, түсім бе», «Албасты» операциясы», «Отан үшін» пьесалары сахнада қойылған.

Жетістіктері

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, бірнеше жыр мүшәйралардың жүлдегері. Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}