Ғалым Айсабайұлы Естекбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ғалым Айсабайұлы Естекбаев - 1960 жылы 25 желтоқсандаАқтөбе облысы Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Естекбаев Айсабай (1928 жылы туған), зейнеткер, жұмысшы кооперативінің төрағасы, ААӨБ төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
Хронологиясы
- Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының санитария-гигиена факультетін бітірген (1984), мамандығы-«Гигиена, санитария, эпидемиология».
- 1984 жылдан - Ақтөбе қалалық СЭС еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық дәрігері.
- 1991 жылдан -Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық СЭС санитарлық дәрігері.
- 1993 жылдан - Ақтөбе облыстық СЭС еңбек гигиенасы бөлімшесінің меңгерушісі.
- 2002 жылдың ақпанынан -Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
- 2002 жылдың ақпанынан - Ақтөбе облыстық СЭС бас дәрігерінің орынбасары.
- 2006 жылдан - Ақтөбе облыстық санэпидсараптама орталығы бас дәрігерінің орынбасары.
- 2009 жылдың сәуірінен бері - Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Департаментінің директоры.
Жетістіктері
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен (2001),
- «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен (2002) марапатталған.
Әскери атағы - медициналық қызмет лейтенанты. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан осындай даму жолымен Орта Азиядағы көшбасшыға айналады». Хоббиі - аңшылық, бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар. Үйленген. Жұбайы - Иманқұлова Шара Бақытжанқызы, экономист. ¥лы - Естекбаев Абай Ғалымұлы, ҚСАЕКБ арнайы есептер бөлімінің жетекші маманы; қыздары - Естекбаева Асыл Ғалымқызы, ҚМЭБИ студенті; Естекбаева Әсем Ғалымқызы, оқушы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}