Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев (12 сәуір 1968, Қызылорда) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, дипломат, 2023 жылдан бастап Премьер-Министрдің орынбасары — Үкімет аппараты басшысының қызметін атқаруда.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Философия ғылымдарының кандидаты. Бұрын 2019–2023 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болған.

Өмірбаяны

1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1991 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 1994 жылы сол жоғары оқу орнының аспирантурасын тәмамдаған. Философия ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1995—2004 жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі болып бастаған.

2004 жылы Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі болған.

2004—2006 жылдары Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының Бас инспекторы болып қызмет еткен.

2006—2008 жылдары Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі болды.

2008 жылы Қазақстанның Литвадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.<ref>Кадровые перестановки</ref> 2009 жылы оған Қазақстанның Латвиядағы, Эстониядағы және Финляндиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқару жүктелді.<ref>Кадровые перестановки</ref>

2012—2016 жылдары Қазақстанның Финляндия мен Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.<ref>Кадровые перестановки</ref> 

2016—2019 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы 26 наурызда Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. 2019 жылғы қыркүйекте, 2021 және 2022 жылдары лауазымына қайта тағайындалды.<ref>Анықтама. Қойшыбаев Ғалымжан Телманұлы</ref>

2023 жылғы 4 қаңтарда ол Премьер-Министрдің орынбасары және Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды. 2023 жылғы сәуірде және 2024 жылы лауазымына қайта тағайындалды.

Марапаттары

Отбасы

Үйленген, 1993 жылы туған Дәрмен, 2001 жылы туған Дамелия атты балалары бар.

Жұбайы Гүлмира Әбенқызы Қойшыбаева (қыз кезіндегі тегі Өмірәлиева) 1967 жылы туған.<ref>Койшыбаев Галымжан Тельманович</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Асқар Маминнің министрлер кабинеті Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті Үлгі:Олжас Бектеновтің министрлер кабинеті