Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев (6 ақпан 1970, Таловка ауылы, Жәнібек ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Батыс Қазақстан облысының әкімі (2019-2022).<ref> https://online.zakon.kz/m/app/document/?doc_id=31812873&pos=0%3B0%23pos%3D0%3B0</ref><ref> https://www.akorda.kz/ru/rukovoditel-administracii-prezidenta-predstavil-novogo-akima-zapadno-kazahstanskoy-oblasti-211208</ref>

Білімі

1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мансабы

Еңбек жолын 1993 жылы Приурал агроөнеркәсіп комбинатының ғылыми-өндірістік кәсіпорнында бас сарапшы ретінде бастаған.

1994-1998 жылдары «Тұран Әлем Банкі» АҚ Орал қаласындағы филиалында бас экономист, бөлім басшысы, 1998-2003 жылдары «Темірбанк» АҚ филиалының директоры болды.

2003-2004 жылдары БҚО Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментін, 2004-2006 жылдары «Градиент» Батыс Қазақстан өңірлік инвестициялық орталығын басқарды.

2006-2008 жылдары «Қазақстан даму банкі» АҚ басшылық қызметіне ауысып, алдымен банктің атқарушы директоры, 2008-2009 жылдары вице-президенті, 2009-2011 жылдары басқарма төрағасы болды.

2012-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2014-2016 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды.

Кейін Астана қаласына ауысып, 2017-2018 жылдары «Астана қаласын дамыту жобаларына сараптама жасау орталығы» ЖШС директоры, 2018-2019 жылдары Астана қаласы әкімдігі Қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы болды.

2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. 2019 жылы 13 маусымда Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2022 жылы 2 желтоқсанда лауазымынан босатылды.<ref>АНЫҚТАМА. Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы</ref><ref>Искалиев Гали Нажмеденович (персональная справка)</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер