Ғалихан Ғаламғалиұлы Ақмамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғалихан Ғаламғалиұлы Ақмамбетов (31.1.1935 ж.т., Батыс Қазақстан облысы, қазіргі Сырым ауданы) – философия ғылымының докторы (1985), профессор (1990). ҚазМУ-ды (1956, қазіргі ҚазҰУ) және Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1963) бітірген. Жымпиты аудандағы орта мектепте мұғалім, аудандық оқу бөлімінің инспекторы, Орал педагогика институтында оқытушы (1956–61), Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1963–71), сектор және бөлім меңгерушісі (1976–95), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1971–76) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан Қазақ мемлекеттік заң институтында кафедра меңгерушісі. Ақмамбетовтің негізгі ғылыми еңбектері жеке тұлға мәселесі мен этика теориясын зерттеуге арналған. Ол 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>Философия ғылымдарының докторы, профессор Ақмамбетов елімізде және шетелге белгілі үлкен ғалым-философ болып табылады. 40 жылдан бері ол философиялық антропология, этика жөне әлеуметтану мәселелерін зерттеп келді. Ол жүзден астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде 12 жеке және ұжымдық монографиялардың авторы. Ақмамбетовтың негізгі шұғылданатын ғылыми зерттеу мәселесі философиялық білімдер жүйесіндегі адам және тұлға мәселелерін қамтыды. Соңғы жылдары ол құқықтың философиялық проблемалары саласында жемісті еңбек етуде. Осы бағытта маңызды ғылыми нәтижелерге жете отырып, Ақмамбетов еліміздің әлеуметтік-философиялық ойының дамуына ерекше шығармашылық үлесін қосқан ғалым болып мойындалды.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғалихан Ғаламғалиұлы Ақмамбетов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}