Ғайнолла Омарұлы Омаров
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Ғайнолла Омарұлы Омаров<ref>Ерлік - ұрпаққа мұра". Естелік кітап. Өскемен - 2010ж. ISBN 978-601-80088-4-0</ref> – Социалистік Еңбек Ері (1957), Ұлы Отан соғысының ардагері.
Өмірбаяны және еңбек жолдары
1910 жылы Шығыс Қазақстан облысы Большенарым (Үлкен-нарын)ауданы(қазіргі Катонқарағай ауданы) Балғын ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын жасөспірім кезінен бастап, 1930 жылы әкесімен «Суық шат» ауылшаруашылық артеліне түседі. Қатардағы колхозшы, есепші, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отау үйінің меңгерушісі болып қызмет етті. «Балғын» колхозының мал фермасында меңгерушісі болып жұмыс істейді.
- 1948 – 1960 жылдары Андреев атындағы «Парижская коммуна», Абай атындағы колхоздардың басшысы болды.
- 1961 жылдан «Қазақстанның 40 жылдығы» совхозының бөлімшесінің басшысы қызметін атқарады.
Наградалары
- Социалистік Еңбек Ері (11 қаңтар,1957 ж.)
- Ленин ордені
- Медальдар
- Ордендер
Дереккөздер
<references/>