Ғайникамал Мұқанқызы Байқошқарова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Ғайникамал Мұқанқызы Байқошқарова (1943 жылы 8 ақпанда Семейде туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Құрмет орденінің иегері (2003). Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

Толығырақ

Сахнадағы негізгі рөлдері

  • Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында: Қ.Шаңғытбаев пен К.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Күнсұлу, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Майқанова, Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Алмагүл, Н.Әбуталиевтің «Өттің, дүниесінде» (Махамбет) Бәтима ханым, Айғанша, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Гауһар, Б.Римованың «Қос мұңлық» драмасында Самал, А.Сүлейменовтің «Қыздай жесір – штат қысқартуында» Рита, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Ирма, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Қапиза, С.Балғабаевтың «Сағыныш пен елесінде» Анар, Иран-Ғайыптың «Шыңғысханында» Есуй, Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жырында» Ана, Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» комедиясында Сары апа, Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» әйел (реж.Н.Жақыпбай) т.б.

Кинодағы рөлдері

  • 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасы туралы «Аллажар» (реж.Қ.Әбенов),
  • «Офицер мырзалар»,
  • «Ауылым Көктөбенің бөктерінде» (реж.Ә.Сүлеева),
  • «Күнә» (Б.Шәріп),
  • «Шұға»,
  • «Астана – менің махаббатым»,
  • «Ағайынды» (реж. А.Сатаев),
  • "Қара шаңырақ" телесериалы және т.б

15-тен аса көркем фильмге түсіп, әрқилы бейнелер жасады.

Марапаттары