Ғазиз Ниязұлы Доғашев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ғазиз Ниязұлы Доғашев (1917–2008) – дирижер, Қазақстанның халық артисі (1957).
М.Төлебаевтың Біржан – Сара, Қ.Қожамияровтың Назугум, Ю.С. Мейтустың Ағайынды Ульяновтар, З.П. Палиашвилидің Даиси операларының, Н.Тілендиев, Л.Б. Степанов және Е.В. Манеевтердің Достық жолымен, Б.В Астафъевтің "Бақшасарай фонтаны" балеттерінің спектакльдеріне дирижерлік жасады.
- 1951 - 56 жылдары Мәскеудегі Үлкен театрда дирижер.
- 1959 -63 жылдары Украинаның опера және балет театрында дирижер.
- 1963 - 66 жылдары "Мосфильм" киностудиясының симфониялық оркестрінде дирижер болды.
- 1966 - 69 жылдары Белорус опера және балет театрында бас дирижер қызметін атқарды.
- 1951 жылдан педагогикалық қызметпен (Алматы және Мәскеу консерваторияларында) шұғылданды.
- 1974 жылдан Белорусь консерваториясының доценті
- 1982 жылдан Мәскеудегі Мәдениет институтының профессоры
Марапаттары
- Қазақстан Мемлеекттік сыйлық иегері (1972)
- Еңбек Қызыл ту
- Құрмет белгісі, т.б. ордендермен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>