Ғабит Мүсіреповтің мұражай үйі
Үлгі:Ғимарат Ғабит Мүсіреповтің мұражай үйі – Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылы.
Тарихи деректер, қоры
Мұражай Жаңажол ауылының тумасы, белгілі қазақ жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мүсірепов Ғабит Махмұтұлына (1902-1985) арналған.
Мемориалдық мұражай 1992 жылы ашылды және жалпы ауданы 278 шаршы метр болатын мансардасы бар бір қабатты құрылыста орналасқан. Экспозициялық ауданы 95,3 ш. м., қалған ауданды қонақүй алып тұр. Мұражай екі залдан тұрады: әдеби-мемориалдық және этнографиялық. Мұражайда 419-ға жуық экспонат сақталуда, оның ішінде жазушының жеке заттары, құжаттары, фотосуреттері, қазақ тұрмысының заттары және т. б. бар. Мұражай келушілерге жұмыстың түрлі түрлерін ұсынады: экскурсиялар, дәрістер, семинарлар, әдеби оқулар және белгілі жазушының шығармашылық жолы туралы көрмелер.
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы Отанға деген үлкен сүйіспеншілікке, қазақ халқын мақтап жырлаумен толы. Автордың ең танымал туындылары «Оянған өлке», «Жат қолында», «Ұлпан» және т.б. болып табылады. Жазушының еңбектері көптеген жоғары мемлекеттік марапаттармен белгіленген.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>