Янайкино
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Янайкино — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Янайкин ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Перемётное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде, Жайық өзенінің оң жағалық тармақтары жағалауында орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1010 адам (483 ер адам және 527 әйел адам) болса, 2009 жылы 1056 адамды (517 ер адам және 539 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 871 адамды (445 ер адам және 426 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
Тарихы
Ауыл 1974-1996 жылдары етті мал өсіруге мамандандырылған ауданаралық бірлестіктің орталығы болып келді. Оның негізінде Янайкинода және округтегі Богатск, Скворкино ауылдарында бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Орал – Атырау автомобиль жолы өтеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>
Ауыл көшелері
- АЗС көшесі
- Алматы көшесі
- Бауыржан Момышұлы (Парковая) көшесі
- Бәйтерек (Батурин) көшесі
- Бруцелёзка көшесі
- Бірлік (Луговая) көшесі
- Достық (Ленин) көшесі
- Еуразия (Комсомольская) көшесі
- Жайық (Набережная) көшесі
- Жеңіс (Фурманов) көшесі
- Құрманғазы (Студенческая) көшесі
- Мәншүк Мәметова (Садовая) көшесі
- Советская көшесі
- Степная көшесі
- Тәуелсіздік (Чапаев) көшесі
- Талғат Бигелдинов (Школьная) көшесі
- Теректі (Лесная) көшесі