Яков Яковлевич Муратов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Wikify Муратов (Малинский) Яков Яковлевич (17 желтоқсан 1890, Одесса – 26 шілде 1979, Алматы) — орыс актёрі. Қазақстанның халық артисі. (1957), Башқұрт АКСР-інің еңбек сіңген артисі (1946). 1908 жылы Одесса қаласындағы театр студиясын бітірді. М.М. Радин және М.С. Нароков сынды өнер шеберлерінен сабақ алды. 1953–1960 жылдары Қазақстанның Балалар және жасөспірімдер театрының орыс труппасында қызмет етті. Драмалық және комедиялық рөлдерде бірдей өнер көрсетіп, көркемсөз оқумен де шұғылданды. 1930-жылдан бастап киноға түсіп, спектакльдер қойды.<ref>Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref>