Юрий Петрович Бутштрук

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бутштрук Юрий Петрович (1932 ж.т., Днепропетровск облысы Солонянский ауданы Башмачко а.) — сәулетші. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1963). Львов мемл. безендіру өнері ин-тын бітірген (1961). 1951 — 56 ж. Харьков вокзалының, Кахов ГЭС-ның құрылысына жұмысшы болып қатысқан. 1961 ж. комсомолдық жолдамамен Ақмола облысына келіп, Қазақ КСР Сурет қорының сурет шеберханаларында, 1963 — 65 ж. Қазақстан Суретшілер одағы Целиноград өлкелік ұйымы басқармасының төрағасы болып жұмыс істеген. Негізгі шығармалары: «Қызыл тракторлар» безендірілген ваза (1968, Қазақ КСР Мемл. өнер мұражайы), «Всадник революции» (1976), С.Сейфуллин ескерткіші (1976, Ақмола), Н.Островский ескерткіші (1972, Солтүстік Қазақстан облысы Преснов а.). Респ. және облысы көрмелерге қатысқан.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub