Юрий Павлович Лукичев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Юрий Павлович Лукичев 1947 жылы 1 ақпанда Алматы қаласында туған. Орыс. Әкесі - Лукичев Павел Ильич. Анасы - Лукичева Валентина Митрофановна.
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік өнер институтының оркестр факультетін бітірген (1972), концерттік орындаушы, оркестрдің солисі, оқытушы. Орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1969 жылдан бері - академиялық Мемлекеттік симфониялық оркестрдің әртісі, фагот тобының концертмейстері. 1986-1996 жылдары - Жұбанов атындағы музыкалық мектеп-интернатта фагот классының оқытушысы. 2001 — 2004 жылдары - фагот классы бойынша оқытушы. Халықаралық фаготшылар ассоциациясының мүшесі (АҚШ, 2000 жылдан).
ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1982). «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2004).
- Діни көзқарасы - православие.
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Еркін,
бейбітшіл, демократиялық, ашық Қазақстан».
- Хоббиі - тау туризмі, саяхат жасау, скрипка және джаз
музыкасын жинау.
- Сүйіп оқитын әдебиеті - шетел және орыс классикасы,
өнер, музыка жайлы әдебиет.
Үйленген. Жұбайы - Лукичева Ирина (1948 ж. т.), заңгер. Ұлы - Лукичев Сергей (1970 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub