Юрий Иванович Лавриненко

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Юрий Иванович Лавриненко (24 қараша 1945, № 47 айрық, Вишнев ауданы, Ақмола облысы, Қазақ КСР) — кеңестік теміржолшы-инженер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II шақырылым депутаты.

Өмірбаяны

1945 жылы 24 қарашада Ақмола облысының (Қазақ КСР) Вишнев ауданындағы №47 айрықта дүниеге келді.

1968 жылы Ленинград теміржол көлігі инженерлері институтын тәмамдаған.

1969—1971 жылдары Павлодар-Оңтүстік станциясында инженер, аға инженер болып жұмыс істеді.

1971—1973 жылдары станцияда және Целиноград теміржол учаскесінде әскери коменданттың көмекшісі болды.

1973—1979 жылдары Павлодар-Оңтүстік станциясы басшысының орынбасары, ал 1979—1980 жылдары Екібастұз станциясының басшысы қызметін атқарды.

1980—1982 жылдары Тың теміржолы Павлодар бөлімшесі басшысының орынбасары болып істеді.

1982—1984 жылдары Павлодар облыстық партия комитетінің сектор меңгерушісі болып еңбек етті.

1991 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірді.

1994 жылдың 17 маусымынан — 1995 жылдың 30 қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің басшысы, әкімі.

1999 жылдың қазанынан — 2002 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2-шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.<ref>«Ақмола облысы» энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub