Юльевка
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Юльевка — Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл, Сұлукөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Әулиекөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км-дей жерде, Сулыкөл көлінің жағасында орналасқан.
Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1543 адам (717 ер адам және 826 әйел адам) болса, 2009 жылы 1190 адамды (564 ер адам және 626 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>
Тарихы
Іргесі 1929 жылы ауыл шаруашылығын ұйымдастыру жылдары қаланған. 1959 жылы ұжымшар негізінде асыл тұқымды қой өсіретін “Сулыкөл” кеңшары құрылды. 1995 жылы кеңшар негізінде Юльевкада өзімен аттас ЖШС ұйымдастырылды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 10 - том</ref>