ЮжПолиметаллӨндірістік корпорациясы акционерлік қоғамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«ЮжПолиметалл» Өндірістік корпорациясы» акционерлік қоғамыШымкент қаласында орналасқан көпсалалы күрделі кәсіпорын. Жеке меншіктегі кәсіпорын құрамында 7 кәсіпорын зауыттар бар. Металлургиялық кешен тазартылған қорғасын, алтын-күміс құймасын, қорғасын қышқылын, металл висмутын, перренат аммониядағы рения, мыс штейнін, металл кадмиясын, мырыш қышқылын, металл мырыш шығарып, жабдыққа баратын металлға мырыш жалатады. Отын-энергетикалық кешен бүкіл «ЮжПолиметалл» Өндірістік корпорациясы» акционерлік қоғамы жүйесін, сондай-ақ басқа да қаланың өндірістік кәсіпорындарын электр энергиясымен, бумен, ал қаланың жартысын жылуға қажет ыстық сумен қамтамасыз етеді. Корпорация құрамындағы тағы бір зауыт аккумулятор батареясын жасайды. Шағын мұнай өңдеуіш құрылғы корпорация жүйесін жанар-жағармаймен қамсыздандырады. Кен-байыту кешені болса қорғасын, мырыш, барит қоспаларын, майда тас, құмтас қойыртпағын, кварц құмын және әк өндіреді. Бағыттық тасымал з-ты теміржолдарға, ҚР кен-байыту және көмір алу өндірістеріне керекті теміржол өнімдерін және кен-металлургиялық өндірісіне қажетті резина-техникалық бұйымдар өндіреді.

Cілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}