Эстрада оркестрі
Эстрада оркестрі - жеңіл музыка шығармаларды орындауға арналған оркестрлік ұжым атауы. Құрамына қарай мұндай ұжымдар әр қилы болып келеді. Ол орындаушылар кұрамына байланысты симфониялық оркестрге жетеқабыл ірі (мысалы, Қазақ мемлекеттік радиосы мен телевизиясының эстрадалық - симфония оркестрі) немесе шағын аспаптық ансамбльдерге (эстрадалық триолар, квартеттер, т.б.) бөлінеді. Әдетте шағын эстрада оркестрілері үрлемелі (4-6 саксофон, 2-3 тромбон, 2-4 труба, т.б. муз. аспаптан), соқпалы аспаптар тобынан, фортепиано, гавай гитарасы, контрабас, кейде бірнеше скрипкадан тұрады. Қүрамы жағынан осы муз. аспаптардан құралған шағын Эстрада оркестрі, негізінен, джаз музыкасын орындауға пайдаланылады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify