Эстон тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тілдер Эстон тілі (Үлгі:Lang-et) — эстон халқының тілі. Эстония республикасындағы ресми тіл.


Ресей Федерациясының Ленинград, Псков, Омбы облыстарында, Грузияның Абхазия Автономиялық Республикасында, Швецияда, АҚШ пен Канадада эстон диаспорасы кездеседі. Эстон тілінде 1150 мыңдай адам сөйлейді (2001). Финн-угор тілдері шоғырының балтық-финн бұтағына жатады. 16 ғ-дан бастап солтүстік-эстон және оңтүстік-эстон диалектілері негізінде екі әдеби тілі қалыптасқан. Қазіргі Эстон тілі үш жергілікті (солтүстік-шығыс немесе жағалаулық, солтүстік-эстон, оңтүстік-эстон) ерекшелікке ажыратылады. Әдеби тілі солтүстік-эстон диалектісіне негізделген. Эстон тілінде 3 дауысты, 16 дауыссыз дыбыс бар. Онда дифтонг дыбыстар (қосарлы дауыстылар) жиі айтылады. Созылыңқы дауысты, дауыссыз дыбыстар үш сатыдан тұрады. Екпін сөздің бірінші буынына түседі. Эстон тілі морфологиясы құрылымы жағынан флективті-жалғамалы тілге жатады. Есім сөздер жекеше, көпше түрге бөлінеді, септеледі. Етістіктің жіктелетін және жіктелмейтін формалары бар. Сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі еркін. Лексикасында латын, орыс, неміс, ағылшын тілдерінен енген сөздер кездеседі. Жазуы Латын әліпбиіне негізделген.<ref>Основы финно-угорского языкознания, Прибалтийско-финские, саамский и мордовские языки, М., 1975;</ref> <ref>Язык народов Российской Федерации и сопредельных государств, т. 3, М., 2005. С. Бизақов</ref> <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Commons {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}