Эритробласт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эритробласт (erythroblastus, грек, erythros — қызыл, blastos — бастама, өскін) — сүйектің қызыл кемігі майындағы діңгекті және жартылай діңгекті жасушалардан дамып жетілетін бірмүмкіндікті (унипотентті) эритроциттердің бастама ізашар жасушасы. Эритропоэз кезінде (эритроциттердің даму процесі) эритробласттан жетілетін цитоплазмасы әртүрлі түске боялған жасушалардың дамуы қатарлары ажыратылады. Олар: базофилді эритробласт (цитоплазмасы негіздік бояумен көкшіл түске боялады), полихроматофилді эритробласт (бейтарап бояумен қызғылт-көкшіл түске) және оксифилді эритробласт (қышқылдық бояумен қызыл түске). Эритробласттардың мөлшері 15-25 мкм. Жасуша цитоплазмасының көпшілік бөлігін дөңгелек немесе сопақ ядро алып жатады. Олар белсенді бөлініп көбею нә-тижесінде майда (10-12 мкм) дөңгелек келген жасушаларга айналады. Оксифилді (ацидофидді) эритробласт ядросын сыртқа шығарып, нормоцитке, одан соң ретикулоцитке айналып қанға өтеді. Ретикулоциттер одан әрі жетіліп, эритроциттерге айналады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эритробласт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}