Эрик Әбенұлы Байжүнісов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Эрик Әбенұлы Байжүнісов 1965 жылы 26 сәуірде Алматы облысы Райымбек ауданының Нарынқол ауылында туған. Қазақ. Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітіргөн (1988), дәрігер-хирург. Орысжәне ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1986 жылдан - Алматы облыстық клиникалық ауруханасының травматологиялық бөлімінің медбраты. 1988 жылдың тамызынан - Қапшағай қалалық ауруханасының дәрігер-хирургі. 1989 жылдан - Қапшағай қалалық ауруханасы емханасының дәрігер-хирургі. 1994 жылдан - Қапшағай қалалық ауруханасы бас дәрігерінің емхана жөніндегі орынбасары. 1998 жылдан - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары. 1999 жылдың сәуірінен - ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі «Медициналық қызметтердің төлем орталығы» MM ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы. 1999 жылдың сәуірінен - Статистикалық, талдау және ақпарат жүйелөрі басқармасы бастығының орынбаса- ры; 2000 жылдан - ҚР Денсаулық сақтау істері агенттігінің «Денсаулық» РМК ұйымдастыру, кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы (Астана қ.). 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас сарапшысы. 2005 жылдан - Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бастығының емдеу жұмысы жөніндегі бірінші орынбасары. 2008 жылдан бері - СҚО Денсаулық сақтау басқармасының бастығы. Әскери атағы - запастағы медицина қызметінің аға лейте- нанты. Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Мемлекеттің өркендеуі және тұрақтылығы». Хоббиі - кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - қазақ және орыс әдебиетінің клас- сикасы. Үйленген. Жұбайы - Байжұманова Мақсат Қазбекқызы (1963 ж. т.). Қызы - Байжүнісова Әнел Ерікқызы (1990 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub