Эрг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эрг — – Солтүстік Африка шөліндегі құмды өңірдің жалпы атауы. Негізінен ойпаңды жерлерде қалыптасады. Құмы негізінен аллювийлі жолмен пайда болған. Құм қырқалардың биікт. әдетте 200 – 300 м, пассат желдердің бағытына қарай созыла орналасқан; құм бұталар мен астық тұқымдас өсімдіктермен бекіген. Тасты және сазды шөлдерге қарағанда Эрг ылғалдырақ; бұлақтар мен құ-дықтар кездесетін жерлерде шағын шұраттар шоғырланған. Сахарада Батыс Эрг (80 мың км²), Шығыс Эрг (ауд. 100 мың км²-ден) аталатын ірі массивтер бар. Жер бедері құмды-жалды келеді. Эргтер Арабияда нефуд, Орт. Азия мен Қазақстанда құм, Қытайда шамо деп аталады. С. Масатбаева<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эрг|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}