Эрвин Францевич Госсен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Госсен Эрвин Францевич(18.7.1931 жылы туған, Украина, Днепропетровск облысы, Молочанск ауданы, Лесное селосы) – ауыл шаруашылық ғылымы докторы (1991), профессор (1997), Қазақстан Ғылым Академиясының (1992), Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының академигі (1999). Көкшетау облысындағы (қазіргі Ақмола облысы) Қотыркөл техникумын (1953), Қорған (Ресей) ауыл шаруашылық институтын (1961) бітірген. 1953–1959 жылдары Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1959–1982 жылдары Қазақ астық ш. ғыл.-зерт. институтында ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, директордың ғыл. істері жөніндегі орынбасары болды.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref> 1982–1991 жылдары Бүкілодақтық ауыл шаруашылық Ғылым Академиясының Шығыс бөлімшесі төрағасының орынбасары, 1991–1996 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық Ғылым Академиясының академик-хатшысы қызметтерін атқарды. 1996–1997 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің профессорі Қазақ жер өңдеу ғылыми-зерттеу институты және өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институтында бас маман, ғылыми қызметкер (1997–2006), 2007 жылдан Көкшетау мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Негізгі ғыл. жұмыстары топырақ қорғау, егіншілік жүйесі мен астық өндірісінің технологиясын жетілдіруге арналған. Госсен эрозияға қарсы қолданылатын техника бойынша 4 авторлық куәлік алған, 220-дан аса ғылыми-зерттеу еңбегі бар. «Достық» орденімен марапатталған (1997). Лениндік сыйлығы лауреаты (1972).<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references> Үлгі:Wiki

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}