Эпителиоциттер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эпителиоциттер (epitheliacytos, грек, ері — үстінде, thele еміздікхие, kytos — жасуша) эпителий ұлпасының жасушалары. Эпителиоциттер — бір-бірімен өзара десмосома және тығыз байланыстар арқылы тығыз жанасып, эпителий қабаттарын түзеді. Олардың цитоплазмасында тек эпителий жасушаларына тән және беріктік қызмет атқаратын арнайы органеллалар — тонофибриллалар болады. Эпителиоциттердің пішініне сәйкес: эпителий ұлпалары әртүрлі — жалпақ, текше және призма тәрізді эпителий деп аталады. Безді эпителий жасушаларын гландулоциттер деп атайды. Мезотелиоциттер (сірлі қабық мезотелийінің жасушалары) сірлі сұйық бөледі, текше тәрізді эпителиоциттер бүйрек нефрондары қабырғаларында қайта сіңіру — реабсорбция процесіне, ішектің призма тәрізді эпителиоциттер микробүрлері қорытылған қоректік заттарды сіңіруге қатысады. Бокал (құты) тәрізді эпителиоциттер — біржасушалы бездер (кілегей бөледі). Эпителиоциттер организмнің сыртқы ортамен шектесетін бөліктеріңде шекаралық орын алып, дененің ішкі ортасын сыртқы ортадан бөліп, қорғаныс, сезім мүшесі қызметтерін атқарады, зат алмасуға қатысады, сөл бөледі. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эпителиоциттер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}