Эозинофилдер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эозинофилдер ; (eosinophile, грек, eosin — эозин — бояу, рһіііа — сүйіспеншілік) — цитоплазмасында қышқылдық бояулармен қызыл ашық түске боялатын ірі дәншелері (гранулалары) болатын қанның ақ жасушасы. Гранулаларының құрамында гидролазалық ферменттер, пероксидаза, қышқылды фосфатаза, эстераза, гистаминаза ферменттері болады. Даму сатысына байланысты балғын, таяқша ядролы және сегментті ядролы эозинофилдер болып ажыратылады. Қалыпты жағдайда қанда негізінен жетілген сегментті ядролы эозинофилдер болады. Олардың ядролары екі, кейде үш бөлімнен тұрады. Ал таяқша ядролы және балғын жас эозинофилдер өте сирек кездеседі. Эозинофилдер организмге түскен бөгде протеиндерге қарсы қорғанысты, аллергиялық, анафилактикалық реакцияларды іш жүзіне асыруға және гистаминнің метаболизміне қатысады. Организмге бөгде протеинді заттардың енуіне байланысты эозинофилдердің саны кұрт көбейеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эозинофилдер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}