Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі

Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі (аэробты грекше "aer"-"ауа") жасушалардағы митохондрияларда жүреді. Ферменттер мен оттектің қатысуымен өте күрделі химиялық реакциялар тізбегі жүреді де, энергия едәуір көп мөлшерде бөлінеді. Мысалы, энергетикалық алмасудың оттексіз кезеңінде қант молекулалары ыдыраған кезде 27 ккал, оттекті кезеңінде 674 ккал энергия бөлінеді.Сондықтан ағза үшін энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі өте тиімді. 1 г көмірсулар және нәруыздар ыдыраған кезде 17,2 кДЖ энергия бөлінеді. Ал 1 г май ыдыраған кезде 39,1 кДЖ энергия бөлінеді. Адам қаншалықты көп энергия жұмсаса, оның ағзасында соншалықты ағзалық заттар көп ыдырайды. Сондықтан адам көп жұмыс атқарса, тынысалуы да жиілейді, көп тамақ ішеді. Адам жұмсаған энергиясының орнын осылай толықтырады.


Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub