Энамелобласттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Энамелобласттар (enameloblasti; Үлгі:Lang-la — эмаль, кіреуке; грек, blastos — өскін) — тістің кіреуке қабатын түзетін жасушалар. Бұлар ауыз қуысының эктодермасынан дамып жетілетін кіреуке (эмаль) мүшесінің төменгі бетіндегі қабырғасының кіреуке эпителиоциттерінен қалыптасады. Адамантобласттар (энамелобласттар) — пішіні призма тәрізді биік жасушалар. Тістің кіреуке қабатының түзілуі екі кезеңнен тұрады. Алдымен энамелобласттар пішіні призма тәрізді кіреукенің ізбестелмеген негізгі затын бөледі. Екінші кезенде кіреу-кенің негізгі затына кальций түздары сіңіріліп, қатаяды да, негізгі зат құрамындагы су мен органикалық қосылыстардан арылады. Кальций тұздары кіреукенің негізгі затына апатит кристалдары түрінде сіңіп, желімдеуші заттармен байланысу аркылы пішіні алты қырлы кіреуке призмаларын түзеді. Кіреукенің 98% кальций тұздарынан тұрады. Tic кіреукесі — организмдегі ең берік зат. Оның тығыздығын кварцпен, ал омырылғыштығын фарформен салыстыруға болады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Энамелобласттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}