Элла Фицджеральд

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Элла Джейн Фицджеральд (Үлгі:Lang-en; 25 сәуір 1917, Ньюпорт-Ньюс, Виргиния, АҚШ15 маусым 1996, Беверли-Хилс, Калифорния, АҚШ) — американдық әнші, джаз музыкасының тарихындағы ең үздік вокалисттердің бірі, үш октава диапазонындағы дауыстары иесі, дыбыстық импровизация және скэт шебері. «Грэмми» премиясының үш мәрте лауреаты, ұлтық өнер медалы иегері, еркіндік президенттік медальының иегері, өнер және әдебиет орденнінің және басқа да марапаттардың кавалері. Өзінің елу жылдық мансап жолында тоқсанға жуық альбомдар мен жинақтар шығарған. Әншінің өмірінде қырық миллион пластинкалар оның жазбаларымен сатылды. 

Өмірбаяны

Балалық және жастық шағы

Элла Джейн Фицджеральд 1917 жылы 25 сәуірде Ньюпорт - Ньюс, Виргиния штатында афроамерикандықтармен ирландық тұқымнан шыққан отбасыда дүниеге келген. Оның әкесі Уильям Фицжеральд және анасы Темперанс Фицжеральд заңды түрде некеге отырмаған. Әкесіне отыз бес жыл болғанда ол жүргізуші болып, ал анасы жиырма үш жасынды кір жуып күн көрген.