Элитогенез

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Элитогенез -[elite - таңдаулы, ең жақсы, genesis - шығу тегі; элитаның қалыптасуы және дамуы] - мәдениетте және қоғамдық қатынастарда аристократиялық бастаулардың анықталуына және орнығуына бағытталған элита құрылуының ғаламдық процесі. Анағұрлым белсендісін тандап алып, оны белгілі бір иерархиялық жүйеге тізбектеу түрінде жүргізіледі. Элитогенездің екі түрі анықталған:

  • 1) қоғамдық немесе әлеуметтік (макродеңгейдегі элитизация) және
  • 2) арнайы (элиталықтың нақтылы тұлғада көрініс табуы).

Келесідей үштікті атап көрсетеді: ‘’’элитогенез’’’ – ‘’’элитократия’’’ –‘’’ элитоцид’’’. Элитогенез - элитаның үстемдікті әлеу¬меттік мәдени сапа ретінде төңкерістік эволюциялық дамуының бастапқы кезеңі. Элитогенез генетикалық тұрғыда "иерархия", "доминация", "менеджмент", "аристократия" сияқты категориялармен тығыз байланысты.
Қоғамдық элитогенезде бұл процестің өрбуінің бірнеше кезеңдерін анықтап алған жөн.
Қалыптасудың бастапқы кезеңінде жалпы оның "ерекше сапасы" жайлы көзқарас, оның қоғамға мәнділігі қаншалықты, критерийлері қандай деген түсініктер қалыптасады. Кейіннен бұл сапаның жинақталуы, оны заңдастыруға және биліктік қатынастар түріне енуге қажетті соңғы шегіне жеткізу кезеңі басталады. Сөз жүзінде элитогенез элитократияның орнығуы кезінде аяқталады, ал, элитоцид (элитогенездің кері құбылысы) жайлы элитаның даму процесінің кері көрсеткішті даму процесі ретінде айтуға болады.
Басқаша айтқанда, тарихи процесте элитогенезді эволюциялық тұрғыда қарастыратын элита түрлерінің алмасу динамикасын анықтап алу қажет. Меритократиялық теорияның жақтаушылары (М. Янг, Д. Белл) элиталардың үш тарихи түрін анықтайды:

Элитогенездің екінші түрі микродеңгейде жүреді және жеке тұлғаны элиталандыру процесін білдіреді. Жеке тұлғаны элиталандыру элиталықтың негізі болып табылады. Сондықтан да жеке тұлғаның генезисі деңгейінде элиталықты анықтауда бастысы әлеуметтік мәртебе емес, оның жеке дара қасиеттері болады. Осыған орай элитология тарихтағы жеке тұлғаның көрнекі рөліне баса назар аударады (әсіресе, бұл меритократияға және аристократиялық рухқа қатысты).
Элитогенез тарихында адамзат дамуындағы аса маңызды саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени оқиғаларға қатысты көрнекі тұлғаларға маңызды орын беріледі (батырлар, данышпан, кемеңгерлер). Бұқараның рөлі аса маңызды емес, екінші орында саналады.
Элитогенездің кері қыры элитоцид процесі - элитаның жойылуы. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Элитогенез|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}