Элисон Моссхарт
Элисон Николь Моссхарт (Үлгі:Lang-en, 1978 жылы 23 қарашада туған) — американдық әнші, әндер авторы, суретші және модель. The Kills инди-рок және The Dead Weather блюз-рок топтарының әншісі ретінде белгілі. Музыкалық мансабын 1995 жылы Флорида штатында Discount панк-рок тобының құрамында бастады (топ 2000 жылы тарап кетті).<ref>Үлгі:Cite web</ref> Кейінрек ол британдық гитарист Джейми Хинспен бірге The Kills инди-рок тобын құрды. The Kills-те Элисон "VV", ал Хинс "Hotel" деген аттармен белгілі.
2009 жылдың басында Элисон Джек Лоуренс және Дин Фертитамен бірге Джек Уайт құрған The Dead Weather супертобына қосылды. Топта ол "Baby Ruthless" лақап атына ие.
Жеке өмірі
Моссхарт Веро Бич қаласында (Флорида, АҚШ) туып өскен. Ағасы Мэттью Моссхарт Black Sabbath тобының әншісі Оззи Осборнның қызы Келли Осьорнмен некелескен болатын, бірақ жұп 2014 жылы 9 қаңтарда өздерінің айырылысқанын хабарлады.<ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Моссхарттың Лондонда (Англия) және Нэшвиллде (Теннеси штаты) үйлері бар.
Дискографиясы
- Discount - Ataxia's Alright Tonight (1996)
- Discount - Half Fiction (1997)
- Discount - Crash Diagnostic (2000)
- The Kills - Keep on Your Mean Side (2003)
- The Kills - No Wow (2005)
- The Kills - Midnight Boom (2008)
- The Dead Weather - Horehound (2009)
- The Dead Weather - Sea of Cowards (2010)
- The Kills - Blood Pressures (2011)