Элиас Лаферте

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Элиас Лаферте (1886 жыл 19 желтоқсан, Кокимбо - 1961 жыл 18 желтоқсан, Сантьяго) - Чили жұмысшы және коммунистік қозғалысының қайраткері.

Өмірі

Жұмысшы отбасында туған. Жас кезінен жұмысшы қозғалысына белсене араласты. 1912 жылы Социалистік жұмысшы партиясын (1922 жылы Чили Коммунистік партиясы деп аталды) құруға қатысты. 1926 жылы Чили жұмысшы федерациясының бас хатшысы, 1929 жылы Чили Коммунистік партиясы ОК-нің, 1936 жылы оның Саяси бюросының мүшесі. 1939 жылдары ЧКП ОК-нің төрағасы. Қудалауға ұшырап, бірнеше рет эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. 1937 жылы сенатор болып сайланды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>