Элжан Қарабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Элжан Қарабаев(1874, бұрынғы Орынбор облысы,Торғай ауылы ,Жыланшық өзенінің бойы, қазіргі Қостанай облысы,Амангелді ауданы- 1960, сонда) - 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры, мыңбасы. Элжан қыпшаққа кіретін алпыс рулар бірлестігінің нәнжіл атасынан шыққан. Торғай қазақтарының Ресей патшасының 1916 жылы маусым жар- лығына қарсы басталған ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастыруға белсене қатысып, Қайдауыл болысы сарбаздарын баскарған. Көтеріліс басшысы Амангелді Имановтың ең сенімді серіктерінің бірі болған. Көтеріліске алғаш 500 сарбазбен келіп қосылған. Торғай қаласына шабуыл кезінде, полковник Тургенев бастаған жазалаушы отрядқа қарсы Күйік қопасындағы, Доғал-Үрпектегі шайқастарда Қарабаев бастаған мыңдық ерекше ерлік көрсетті. Қазан төңкерісінен кейін Қайдауыл болыстық кеңесінің төрағасы (1918-20) болды, Торғай кеңестерінің 1-съезіне делегат болып қатынасты. Кейін әртүрлі басшы шаруашылық жұмыстарын атқарған.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Элжан Қарабаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}