Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменова
Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменова (5 сәуір 1945, Алматы) — қазақстандық ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ғылыми зерттеулері жалпы тіл білімі, әлеуметтік лингвистика және русистика салаларына арналған.
Мазмұны
Отбасы
Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменова 1945 жылы 6 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі — Сүлейменов Дюсен Әлібайұлы (1914–2000), мал дәрігері, Ұлы Отан соғысының ардагері. Анасы — Нұртазина Рафиқа Бекенқызы, Социалистік Еңбек Ері, педагогика ғылымдарының кандидаты, ұстаз, оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. Жұбайы — техника ғылымдарының докторы Х.Ғ. Ақанов.
Білімі
1962–1966 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде білім алды.
1966–1969 жылдары Морис Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық шет тілдері институтында аспирантурада оқыды.
1969 жылы «Проблема определения языка как объекта лингвистики» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1992 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Семантические параметры слова в интерлингвальном исследовании» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Биобиблиографиялық көрсеткіш / Жауапты ред.: Н.Ж. Шәймерденова. – Құраст.: М. Аймагамбетова, Г. Искакова. Алматы: Қазақ университеті, 2025</ref>
Ғылыми дәрежелері мен атақтары
1970 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
1976 жылы доцент ғылыми атағын алды.
1993 жылы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
1996 жылы профессор ғылыми атағын алды.
Еңбек жолы
1970–1973 жылдары С.М. Киров атындағы ҚазМУ-де аға оқытушы.
1974–1993 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де доцент.
1984–1987 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМУ мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде аға ғылыми қызметкер.
1994–2018 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де профессор.
1995–2009 жылдары ҚазҰУ жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі.
2000–2002 жылдары ҚазҰУ филология факультетінің деканы.
1993–1994 жылдары Мэриленд университетінде (АҚШ) профессор болып қызмет атқарды.
Басылымдар
Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменова — 400-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Оның ішінде монографиялар, ұжымдық еңбектер, сөздіктер мен оқу құралдары бар. Ғылыми еңбектері қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде жарияланған.
Халықаралық кәсіби және қоғамдық ұйымдарға қатысуы
МАПРЯЛ, INTAS, Халықаралық славистер комитеті және басқа да халықаралық ғылыми ұйымдардың қызметіне қатысқан.
Мемлекеттік марапаттары
2004 жылы Құрмет грамотасымен марапатталды.
2009 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
2024 жылы II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Үкімет марапаттары
Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның бірқатар медальдары мен ведомстволық марапаттарына ие.
Дереккөздер
Үлгі:ДереккөздерБиобиблиографиялық көрсеткіш / Жауапты ред.: Н.Ж. Шәймерденова. – Құраст.: М. Аймагамбетова, Г. Искакова. Алматы: әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Фараби кітапханасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2025Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала