Элементтердің Көшуі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Элементтердің Көшуі, элементтердің миграциясы – жер қыртысындағы, оның бетіндегі хим. элементтердің орын алмастыруы және қайта топтасуы. Терминді ғылымға А.Е. Ферсман енгізген (1923). Э. к. ішкі (элемент атомының құрылысы, ион көлемі, валенттілігі, т.б.) және сыртқы (геохим. ортаның температурасы, қысымы, құрамы, қышқылдылығы, т.б.) факторларға байланысты. Э. к. сұйық (магмалық балқымалар, гидротермал ерітінділер, жер асты және жер беті суларымен), газ ( вулкан газдары мен фумаролдар, минералдық су бұлақтарының, мұнай кендерінің, ажыраушы органик. қосылыстардың газдары), қатты (диффузия мен қайта кристалдану нәтижесінде) фазалар күйінде өтеді. Қатты күйдегі жылысу негізінен мех. жолмен (қорымдар, су тасқындары, тозаң, т.б.) жүреді. Көшуші (миграцияланушы) элементтер су ерітінділерінде иондар, молекулалар, коллоидты бөлшектер, ал газдарда молекулалар мен аэрозольдар түрінде кездеседі. Миграц. мүмкіндік хим. элементтердің табиғатына, физ.-хим. жағдайына байланысты. Э. к. нәтижесінде біраз элементтер әкетіледі, шашырайды, ал кейбірінің концентрациясы жоғарылап, өндірістік кендер қалыптасады. Қарқынды түрдегі Э. к. метасоматик. процестер мен теңіз айдындарындағы хим. дифференциация кезінде байқалады. Сыртқы процестерге байланысты өтетін Э. к-нде биогеохим. процестер елеулі орын алады. Э. к. – заттардың табиғаттағы үздіксіз айналымының негізі. Кен орындарын іздеудің геохим. әдістері Э. к-дің заңдылықтарына негізделген. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}