Электр тогының жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц Заңы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Электр тогының жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц Заңы

Электр тогының жылулық әректін ағылшын ғалымы Дж. Джоуль мен орыс физигі Э. Ленц тәжірибе жүзінде зерттеген. Тогы бар өткізгіште бөдініп шығатын жылу мөлшері электр өрісінің өткізгіштің кедергісін жеңуге жұмсаған жүмысына тең:

Q=Aж= I2RT.
(9.25)
(9.25) формула Джоуль-Ленц заңының математикалық өрнегі болып табылады және ол былай оқылады: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мқөлшері өткізгіштің кедергісіне, ток күшінің квадратына және онің өту уақытына тура пропорционал.


Кедергілері R1 және R2 болатын өткізгіштерді тізбектей жалғаған кезде, оларда бөлініп шыққан жылуды былай өрнектеуге болады:

Q1=I2R1t, Q2=I2R2t.


Осыдан
Q1/Q2=R1/R2 (9.26)

екені шығады. Демек, тізбектей жалғанған кезде әрбір өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшері осы өткізгіштердің кедергілеріне тура пропорционал.
Кедергілері R1 және R2 болатын ЭҚК-і жоқ тізбектің екі бөлігін паралель жалғаса, токтың әрбір жеке бөлігінде бөліп шығаратын жылу мөлшері

Q1=U2t/R1, Q2=U2t/R2.
Осыдан
Q1/Q2=R1/R2 (9.27)

ЭҚК-і жоқ тізбектің параллель жалғанған бөліктерінде токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері осы бөліктердің кедергілеріне кері пропорционал болады.
(9.26) және (9.27) өрнектерден көріп отврғанымыздай, тізбектей жалғанған кезде ең көп жылу мөлшері кедергісі ең үлкен өткізгіште, ал параллель жалғанған кезде кедергісі ең кіші өткізгіште бөлініп шығарылады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}