Электрлі ойнатқыш құрылғылар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Электрлі ойнатқыш құрылғылар граммофон табағында жазылған сигналды электр сигналына айналдыратын құрылғы; электрофон,— радиола сияқты дыбыс жаңғырту комплекстерінің негізгі құрамды бөлігі. Басты тораптарына электр двигателімен айналатын дискі, дыбысалғыш, оған граммофон табағының керек тұсына қоюға және ойнап біткеннен кейін көтеруге (микролифт),табақты тазалауға арналған құрылғылар жатады. Сапалық және пайдалану тиімділігі көрсеткіштеріне байланысты электрлі ойнатқыш құрылғылар: жоғары, I, және ІІІ кластарға бөлінеді. Жоғары, I, кейде ІІ класты электрлі ойнатқыш құрылғылар дискінің айналу жиілігін орнатылған индикациямен үйлестіргіш, дыбысалғышты статикалық теңестіргіш, тонармның салмағын реттегіш сияқты қосалқы жүйелермен жабдықтал ады. Электрлі ойнатқыш құрылғылардың жұмыс сапасын тексеру мақсатында «Мелодия» фирмасы арнайы сынақ күйтабағын шығарады.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Электрлі ойнатқыш құрылғылар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}