Электорат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Электорат - [лат. elector - сайлаушы] - парламенттік, президенттік немесе жергілікті билік органдарына сайлау барысында қандай да бір үміткерді, саяси партияны қолдап, дауыс беруші сайлаушылар тобы.

Электоралдық мәдениет

Электоралдық мәдениет- қоғамның саяси мәдениетінің құрамдас бөлігі. Егер сайлаушылардың саяси мәдениеті саясатқа қатысты субъективті бағдарлардың кешенін қарастырса, электоралдық мәдениет саяси мәдениеттің бөлігі ретінде тек азаматтардың сайлау проңесіндегі үстанымдарын анықтауды көздейді. Оған мыналар жатады: сайлауға саяси мінез-құлық түрі ретінде қарау; партиялық бірегейлену; үміткерлер мен көшбасшыларға қатысты бірегейлену; бастапқы және тақырыптық бағдарлар (саяси оқиғаларға баға беру). Электоралдық мәдениет - саяси мәдениеттің тамыры. Сайлау кампаниясы кезінде саяси мәдениет электоралдық мәдениет түрінде көрініс табады, алайда олар толық сәйкес келмейді. Электораттың саяси мәдениеті саяси жүйенің құрылымдық қасиеті болып табылады.

Электоралды мінез-құлық

Электоралды мінез-құлық - сайлау кезінде адамдардың саяси бағдарларының, қалауларының айқындалуы. Әлеуметтанулық және саясаттанулық зерттеулер көрсетіп отырғанындай, бір қоғамдағы сайлаушылардың мінез-құлқы өзара ерекшеленеді. Осылайша кейбір елдерде сайлауға сайлаушылардың 20%-ы ғана қатысады, сонымен қатар азаматтарының 90%-ы сайлауға қатысатын мемлекеттер де бар. Сайлау белсенділігі, әсіресе, тұрғындардың білімі жоғары, тұрмысы түзу, сондай-ақ саяси партиялар мен ұйымдарға мүшелерінің арасында басым. Сайлауда дауыс беру - бір көрінгендей қарапайым шаруа емес. Азамат саналы түрде саяси таңдау жасай алуы үшін оның аса жоғары саяси санасы мен дамыған саяси мәдениеті болуы керек; оның саяси партиялардың, жеке үміткердің ұсынып отырған саяси бағдарламасын, ұсыныстарын түсінетіндей қабілеті болуы шарт. Батыстық саясаттану ғылымы сайлаушылардың саяси таңдауына бірнеше жағдайлар эсер етеді деп атап көрсетеді: қоғамдық жағдайы, табыс және білім деңгейі, тұрған жері, дінге сенімі және т.б.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Электорат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

be-x-old:Электарат ca:Electorat en:Constituency es:Electorado fr:Corps électoral gl:Electorado ms:Para pengundi pl:Elektorat (socjologia) pt:Eleitor simple:Electorate sr:Бирачко тело uk:Електорат