Экспорт пен импорт салығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Экспорт пен импорт салығы — сыртқы сауда бағасы мен ішкі республикалк баға деңгейлеріндегі айырмашылық нәтижесінде құралатын табысты мемлекет кірісіне алу нысаны. Ол ішкі нарықты экономикалық жағынан қорғауды мақсат етеді. Салық төлеушілер заңда белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушы ретінде тіркелген барлық заңды тұлғалар мен өзіңің қызметін заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыратын кәсіпкерлер Салық салу объектісі әкелінетін және әкетілетін тауарлардың келісімшарттық құны. Салық төлеуші тікелей ұлттық валютамен немесе еркін айырбасталымды валютамен тауардың келісімшарттық құнының пайызы есебімен есептейді. Кеден бақылауына дейін немесе оған көрсетілген сәтте төленеді. Төленген салық сомасы өндіріс шығынына жатқызылады.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Economy-stub