Экология тақырыбына арналған қорытынды

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Экология - бұл іс жүзінде аса зор маңызы бар биология бөлімдерінің бірі. Адамзат жаһандық эволюциялық проблемалармен XX ғасырда кездесті. Экологиялық апат мүмкіндігінің жалғасы арта түсуде. Жас ұрпақтың экология және экологиялық көзқарастың негізін білуі бізге экологиялық тепе-тендікке және қоршаған ортамен қауіпсіз өмір сүруге қол жеткізеді.

Экология - бұл ағзалардың өзара және оларды қоршаған табиғатпен өзара қатынасы туралы ғылым. Солардың негіздерінің бірі экологиялық факторлар болып табылады. Экологиялық факторлар мынадай 3 топқа бөлінеді:

  • 1) биотикалық факторлар - тірі ағзалардың бірімен-біріне әсері;
  • 2) антропогендік факторлар - адамның табиғатқа (тірі және өлі) ықпалы;
  • 3) абиоздық факторлар - тіршіліктің бейағзалық жағдайларының (факторларының) жиынтығы. Мәселен, жыл маусымдарына тәуелді

күн жарығының ұзақтығы адамда биологиялық ырғақтың маусымдық өзгеруін тудырады (жарықкезеңдік).

Факторлардың көрсеткіштері де әсер ету күші және типі бойынша тағы да мынадай 3 топқа бөлінеді:

  • 1) ең қолайлы факторда - тіршілік үшін қолайлы факторлар. Мысалы, адам үшін қолайлы температура: +18, +22°С;
  • 2) ең қолайсыз факторлар - тіршілікке қысым көрсететін қолайсыз факторлар. Мысалы, адам үшін ең қолайсыз температура: +50°С немесе -70°С.
  • 3) шектеуші факторлар, бұлардың шегінде өлім басталады. Мысалы, -80°С температурада адам өледі.

Жер бетіндегі тірі ағзалардың барлығы бірімен-бірі қандай болса да өзара қатынаста болады. Алайда олардың негізгілерінің бірі - ол қоректік байланыс, яғни ағзалар бірін-бірі жеу арқылы энергия алады. Осы қағидаға байланысты ағзаларды мынадай 3 топқа бөледі:

2) тұтынушы ағзалар - бұлар даяр ағзалық затпен қоректенеді және оны энергиямен қоса өз денесіне жинақтай алатын шөпқоректілер, жыртқыштар, өлексеқоректілер және паразиттер;

  • 3) бүлдіруші немесе ыдыратушы ағзалар - ағзалық заттарды минералдандыратын саңырауқұлақтар және топырақ бактериялары.

Экологиялық пирамиданың әрбір келесі деңгейіне пайдалы энергияның тек 10%-ы ғана өте алады: 90%-ы тұтынушының тіршілік үдерісіне жұмсалады. Мәселен, 10 шекшек жеген торғай лашынға (торғайды жеген кұсқа) тек бір шекшектің энергиясын береді. Қоректену тізбегі теориялық тұрғыда 5 ағзадан әрі қоса алмайтын болғанымен, шынайы табиғи жүйеде бірін-бірі жейтін 5 ағзадан көбірегін атауға болады. Мұның осылай болу себебі: өте көп түрлердің ағзалары өзара бірімен-бірі әсерлеседі. Сөйтіп тізбек емес, ондаған және жүздеген тізбектер араласқан қорек тізбегі болады. Әр алуан популяциялар ағзаларының осындай тұрақты қатар өмір сүруі бірлестік деп аталады. Алайда бірлестік өлі табиғаттан оқшау өмір сүрмейді. Оның үстіне тірі және өлі дүниелер үнемі өзара әсерлеседі және бірін-бірі өзгертеді (зат алмасу). Сондықтан экологияда биогеоценоз (биоценоз) немесе экожүйе негізгі ұғым болып табылады. Бұл өзіне тірі және өлі зерзаттарды қосып алатын, белгілі аумақта қатар өмір сүріп, өзара әсерлесетін тұрақты жүйе.

Экожүйелер табиғи және жасанды болады. Табиғи экожүйелер (шабындық, шалшық, жыра және т. б.) тұрақтырақ және әр алуан болады. Олар қосымша энергия көздерін пайдаланбайды. Қала немесе агробиоценоздардың (бау-бақша, егістік, бақ) жасанды экожүйе тұрақсыздау, түрлік қатынасы нашар, қосымша энергия көздері (тыңайтқыштар, суару) есебінен жоғары өнімді болады. Жердің тіршілігі бар тірі кабығы - биосфера ең ірі экожүйе болып табылады. Биосфераны сипаттайтын мынадай маңызды ұғымдар бар:

  • биосфера шекарасы (атмосферада - 20 шақырым, литосферада - 7 шақырым, гидросферада - 10-11 шақырым); биомасса тығыздығы (көлем бірлігіне келетін тіршілік иелерінің мөлшері);
  • биомасса өнімділігі (уақыт бірлігіндегі көлем бірлігіне келетін тірі заттардың өндіретін мөлшері).

Биосферада тірі заттар мен өлі табиғат арасында элементтер (азот, көміртегі, күкірт, фосфор, т.б.) айналымы пайда болады. Ол биосфераның бірқатар маңызды қызметтер атқару арқылы іске асады. Олар:

  • 1) газдық;
  • 2) концентрациялық;
  • 3) тотығу-тотықсыздандырғыштық;
  • 4) биохимиялық қызметтер көрсету.

Биосфера өмір сүру кезеңдерінің барлығында эволюция жолында болды. Ол белгілі тұрақтылықта және өздігінен реттеле алады. Табиғатқа адам әрекетінің өсуінен биосфера тепе-теңдігінің бұзылуы мүмкін.<ref>Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub